Барлық этностардың бір - біріне алғыс білдіру күнін мерекелеу шеңберінде мектепте «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 2016 жылдан бастап Қазақстанда жаңа мереке – 1 наурыз Алғыс күні пайда болды. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділік, достық пен сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болды.
Қазақстанның қазіргі заманғы көпұлтты отбасы – бұл кеңестік билік саясатынан туындаған бірнеше көші-қон толқындарының нәтижесі, Республикаға әр жылдары тұтас халықтар жер аударған.
Сондықтан бұл мерекені құру-бұл барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға деген құрметі мен алғыстары.
«Өз тарихыңды есте сақта және мақтан тұт» – бұл мерекенің негізгі белгілерінің бірі. Ал осы Күннің мақсаттарының бірі – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық сезімін, достығын және бір – бірін сыйлауды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық одақты нығайту.