04.10.2023
Бүгін мұғалімдер күні қарсаңында 5 "А"сыныбында "Мұғалім - мектептің жүрегі" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақты сынып жетекшісі - Сибгатуллина Елизавета Сергеевна өткізді.
Кластердің көмегімен балалар өз мұғалімдерін қалай көргісі келетінін айтты. Олар мейірімді, ақылды, жанашыр сияқты критерийлерді белгілеп, біздің мектептің мұғалімдері барлық критерийлерге сәйкес келетіндігін жылы шыраймен атап өтті. "Проблемалық жағдай" әдісін қолдана отырып, балалар өздерін мұғалім ретінде сынап көрді, мұғалімдерінің орнында болды.