«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3 тоқсан бойынша оқу қызметін талдау.

18.03.2020

Мектепте білім беру сапасын бағалау, білім беру нәтижелерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады. Мониторингтің мақсаты оқу қызметінің жай-күйін объективті ақпараттық көрсетуді қамтамасыз ету және білім беру сапасының динамикасын қадағалау болып табылады.

2019-2020 оқу жылының ІІІ-тоқсанының соңындағы оқушылар саны-513.

ІІІ тоқсан бойынша үлгерімнің қорытындысын талдай отырып оқушылардың оқу деңгейі мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 

Жалпы мектеп бойынша үздік оқушылар - 62, жақсы оқитын оқушылар-252, үлгермеген оқушылар жоқ.

1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша білім сапасының көрсеткіштерін салыстыра отырып мына келесі тұжырымға келуге болады:

сыныптарда білім сапасының деңгейі көтерілді. Бұл факт педагогтармен қолданылатын оқыту технологияларының тиімділігін куәландырады.

Қорытынды: үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс күшейтілді , бір "4", бір "3" бағалары бар оқушыларға ерекше көңіл бөлінді.

Үлгерімі төмен оқушылармен және үздік балалармен жұмыс істеген түзету жұмыстары қателердің алдын алу бойынша әдістемелік жұмыс сауатты құрылған: сабақтарда өткен барлық тақырыптарды қайталау; мемлекеттік бағдарламада көзделген курстың негізгі тақырыптарын мақсатты түрде қайталау; орфографиялық зеркілікті дамыту; есептеу дағдыларын пысықтау; барлық сұрақтар бойынша кеңес беру; тестермен жеке жұмыс; үй тапсырмасын орындауға көмек көрсету; қателердің алдын алу бойынша тұрақты тренинг өткізу;  үйде оқушыларының оқу қызметін ұйымдастыру бойынша ата-аналармен жүргізілге  жұмыстар білім сапасын арттыруға ықпал етті.

Сыныптар бойынша білім беру сапасының жай-күйін талдау сандық көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетеді 1-4 сыныптарда - 69 %, 5 -9 – 63 %, 10 -11 – 75 %.

Қорытынды: оқыту сатысындағы білім сапасы артты. Жалпы мектеп бойынша білім беру сапасының 2.3% - ға артуы байқалады.

Осылайша ІІІ тоқсан нәтижелерін талдау мектеп бойынша білім сапасының айтарлықтай артуын көрсетті.

Ұсынымдар:

1.      Барлық пән мұғалімдеріне білім алушылардың білімі мен іскерлігіндегі артта қалғандарды дер кезінде анықтап, сабақ барысында жеке және қосымша сабақтарда оқушылардың оқымаған тақырыптарды түсіндіруді және пысықтауды қамтамасыз ету. Оқу пәндері бойынша үлгерімді ағымдағы бақылау жүйесін жетілдіру.

2.      Барлық сынып жетекшілеріне балалардың үлгерімі туралы мәліметтерді ата-аналарға уақытында жеткізу, сабақтарға пән мұғалімдерімен әңгімелесуге шақыру. сынып жетекшілері 5 Б Жагипарова Г. А., 7 Б Каралькевич О. А., 8 Б Исиченко Г. В білімде қалыс қалғанын жою бойынша ата-аналармен 4 тоқсанға жеке жұмыс жоспарын құру және оқушылардың үлгерімін күнделікті есепке алу, ата-аналарды уақытылы хабардар ету.

Просмотров: 415


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст