«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы

02.04.2020

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 16 наурыздағы № 1, 20 наурыздағы № 2 және 26 наурыздағы № 6 хаттамаларын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Білім беру ұйымдарының (келісім бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары:

1) оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде интернаттарда, жатақханаларда санитариялық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдасын;

2) ағымдағы жылғы 13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салсын (мерекелік, концерттік, мәдени, спорттық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізу және т. б.);

3)  білім алушылардың және тәрбиеленушілердің халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуына тыйым салсын;

4) жұмыста осы бұйрыққа қоса берілген Әдістемелік ұсынымдарды пайдалансын, бұл ретте білім беру қызметін көрсету туралы шарттарда, білім беру ұйымдарының жарғыларында және басқа да ішкі актілерінде бекіту мүмкіндігін, осы Әдістемелік ұсынымдарда көзделген білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қарастырсын;

5) осы бұйрықтың 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын ескере отырып, штаттық режимде мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жүзеге асырcын, ата-аналардың (заңды өкілдердің) қалауы бойынша балалардың еркін бару режимін қамтамасыз етсін, коронавирустық инфекция таралу кезеңінде балалар болмаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар орындарының сақталуын қамтамасыз етсін;

6) штаттық режимде жұмыс істейтін ұйымдарда, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейтсін және күн сайын мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың келуіне мониторинг жүргізсін;

7) орта білім беру ұйымдарында көктемгі демалыстың ұзақтығы - 21 күн (2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірді қоса алғанда ) болып белгіленсін;

8) көктемгі демалыс уақытында педагогтерге қашықтық режимінде (білім беру ұйымынан тыс) жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етсін;

9) орта білім беру ұйымдарында 1-11(12) сыныптарда, оның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-да, халықаралық және жеке меншік орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, 2020 жылғы 6 сәуірден бастап төртінші тоқсанның басынан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін (келісім бойынша);

10) сабақ кестесі мектепалды даярлық сыныптарына, 1-9 сыныптарға сағат 8.30 дан, 10-11 сыныптарға сағат 14.00 ден дүйсенбіден жұманы қосқанда 30 минутқа дейінгі аралықта жасалсын;

11) 2020 ж. 1 сәуірде  мектепалды даярлық сыныптарына, 1-9 сыныптарға сағат 9.00 ден, 10-11 сыныптарға сағат 14.00 ден сынама сабақтар өткізілсін;

12)  2020 ж. 2 сәуірде  сағат 10.00 де мектепалды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12.00 де 5-9 сыныптар, сағат 14.00 де 10-11 сыныптар ата -аналары үшін «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?»  жиналысы өткізілсін;

13) 2020 ж. 3 сәуірде сағат 10.00 де мектепалды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12.00 де 5-9 сыныптар, сағат 14.00 де 10-11 сыныптар үшін «Мен қашықтан қалай оқимын?» «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» сынып жиналысы өткізілсін;

14) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша барлық санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары сақталған, ауысым, дезинфекция, кварцтеу, желдету, бір мезетте адамдардың көп шоғырлануын болдырмау шаралары сақталып, төртінші тоқсаннан бастап оқу процесін күндізгі нысанда жалғастыруға болатын шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан орта білім беру ұйымдарының тізбесін бекітcін;

15) заңнамада белгіленген тәртіппен қашықтықтан білім беру технологиясы кезінде білім беру процесіне қатысушылар үшін жағдай жасау (білім беру ұйымдарының балансынан педагогтер мен ата-аналардың материалдық жауапкершілігіне беру, сондай-ақ компьютерлерді, ноутбуктар, планшеттерді сатып алу, флеш-карталар, мобильді қосымшалар және басқа да құралдар арқылы жеткілікті жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету) бойынша қажетті шаралар қабылдасын, бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше назар аударсын;

16)  мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану кезінде заңнамаға және Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бірыңғай бағдарламалар мен тәсілдерді қамтамасыз етсін;

17) қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша білім алушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтсін;

18) дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына, гимназияларға, лицейлерге түсу үшін түсу емтихандарын өткізуді тоқтата тұрсын және кешірек мерзімге ауыстырсын;

19) қосымша білім беру ұйымдарының  жұмысын 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қашықтықтан оқыту режимінде тиісті жағдай болған жағдайда жұмыс берушінің актісін қабылдай отырып, жұмыс бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тәртіппен жалғастырсын;

20) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен келісу және жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың, санаторлық мектептер мен мектеп-интернаттардың, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы балаларға арналған мектептердің, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін санитарлық-эпидемиялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып және білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып штаттық немесе қашықтықтан режимде жалғастырсын;

21) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап жалпы білім беретін және басқа да ұйымдар жанындағы кешкі мектептерде, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқыту процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;

22) осы бұйрықтың 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын ескере отырып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін  штаттық режимде жүргізсін және сыртқы байланыстарды барынша шектейтін карантин белгіленсін;

23) кеңестер, отырыстар, кездесулер өткізуді азайтсын немесе селекторлық режимде өткізсін;

24) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, «Талап»  КеАҚ-пен бірлесіп қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, педагогтер мен оқытушылар үшін онлайн форматта курстар әзірлесін және өткізсін;

25) қашықтықтан оқыту жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіру жұмысын «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚМ-ге,  облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әдістемелік кабинеттері мен әдістемелік орталықтарына жүктесін;

26) қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқытуды сапалы ұйымдастыру және қамтамасыз ету басқарма басшыларының орынбасарларына, білім бөлімі басшыларына, мектеп директорларына жүктесін;

27) жұмыс берушінің тиісті актісін қабылдай отырып, келесі қызметкерлер тобын анықтау мүмкіндігін қарастырсын:

білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер (әкімшілік-қосалқы, техникалық персонал);

 қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде білім беру процесін және сабақтарға қатысу мониторингін қамтамасыз ету бойынша еңбек функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлер (оның ішінде оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын барлық пәндер педагогтері, кеңес беру, онлайн мастер-кластар, ойындар мен т.б. түрінде психологиялық көмек көрсететін психологтардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұйымдастырылуына мониторингті жүзеге асыратын, қашықтық режимде мектепішілік конкурстарға  білім алушылардың қатысуын, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылармен, девиантты мінез-құлықты балалармен, жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік педагогтер, тәлімгерлер, қосымша білім беру педагогтері, онлайн кітапханалардың жұмысын, ұсынылатын басылымдар бойынша жұмысты, кітаптарды оқу мониторингісін және басқа да қашықтық жұмысты жүзеге асыратын кітапханашылар, жеке онлайн-консультацияларды жүзеге асыратын дефектологтар/логопедтер, зертханалық және практикалық, сонымен қатар басқа да функцияларды және т.с.с. жұмыстарды қашықтық режимде өткізуді және орындалуын тексеруді жүзеге асыратын физика, химия, биология, информатика кабинеттерінің, лингафондық-мультимедиалық кабинеттердің зертханашылары, сондай-ақ әрі қарай және басқа да функцияларды қарастыру);

жеке кесте бойынша еңбек демалысына жіберілетін қызметкерлер (тәрбиешілер, әдіскерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың басқа да қызметкерлері, педагогтер және қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқытуға тартылмаған қосымша білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері, педагогтер және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар-дың, білім беру жүйесінің оңалту орталықтарының басқа да қызметкерлері, жұмыс беруші айқындайтын білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері);

28) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, оқу бағдарламарын, үлгілік оқу жоспарларын орындауды қамтамасыз етсін, сағаттарды қысқартуға жол бермесін, бекітілген штаттық кестеге (тарификациялық тізімге) сәйкес педагогтердің еңбек ақысын төлеуді  қамтамасыз етсін;

29) коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде білім беру қызметімен айналысуға, айырбастауға, қайта ресімдеуге, жаңа лицензия алуға өтініш беруді тоқтатсын.

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары (келісім бойынша):

1) студенттердің ішкі және сыртқы ұтқырлығын тоқтатсын;

2) қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру мүмкін болмайтын пәндер мен модульдерді неғұрлым кеш уақытқа көшірсін;

3) студенттерге стипендияларды уақтылы төлеуді қамтамасыз етсін;

4) қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің қатысуы мен оқуын бақылауды қамтамасыз етсін;

5) жатақханаларда карантин шартын қамтамасыз етсін;

6) қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша оқытушылар үшін оқыту курстарын онлайн форматта ұйымдастырсын;

7) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы және қорытынды бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды онлайн режимінде өткізу үшін, білім алушыға мүмкіндік беретін онлайн проекторинг технологиясын қолдануды, білім алушының экраны мен мінез-құлқын қадағалауға, сондай-ақ бүкіл емтиханды бейне жазбаға жазуды қамтамасыз етсін;

8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары  өз беттерінше айқындайтын тәртіпке сәйкес дипломдық (курстық) жұмыстарды (жобаларды), оның ішінде магистрлік диссертацияларды (жобаларды) онлайн режимінде қорғауды жүргізсін;

9) қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқытуды ұйымдастыру мониторингісін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне «бақылаушы» деңгейіндегі тиісті логиндер мен парольдерді заңнамада белгіленген тәртіппен берсін.

10) 2020 ж. 6 сәуірден бастап қашықтан оқытудың күнделікті басталу уақытын сағат 14.00 өзгертсін.

3. Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті
(М.Т. Мелдебекова):

1) «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚМ-мен бірлесіп  (Ж.О. Жылбаев):

пәндер тізбесін, оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жүктемесінің көлемін, оқу материалының мазмұнын, қосымша материалдарды, телевизиялық сабақтарға арналған сандық білім беру ресурстарын анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;

телевизиялық сабақтардың тұжырымдамасын әзірлесін;

білім беру процесінің әрбір қатысушысы үшін қадамдық әдістемелік нұсқаулық әзірлесін;

телевизиялық сабақтардың кестесін құрсын;

2) мүдделі ұйымдармен бірлесіп, жалпы пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының ІV кезеңін, «Мың бала» ауыл мектептері үшін ұлттық зияткерлік олимпиадасын өткізудізаңнамада белгіленген тәртіппен ауыстырсын.

4. Білім беруді цифрлық трансформациялау департаменті
(Қ.О. Кенбай) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен бірлесіп (келісім бойынша):

2020 жылғы 1 сәуірге дейін цифрлық платформаларды айқындасын және қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде орта білім беру ұйымдарының жұмысын қамтамасыз етсін;

қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқытуды ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді жедел шешу үшін Министрлік жанынан, сондай-ақ білім басқармалары жанынан Жобалау кеңсесін құрсын, бұл ретте тиісті бұйрықпен осы мәселе бойынша жауапты басшы орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлғаны тағайындасын.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері:

1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізуді тоқтата тұрсын;

2) 2019-2020 оқу жылында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізуді тоқтатсын;

3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуға көшудің мониторингін (бұдан әрі-мониторинг) жүргізсін;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқытуды ұйымдастыру мониторингін жүзеге асыру үшін «бақылаушы»  деңгейінде тиісті логиндер мен парольдерді талап етсін;

5) мониторингтің аралық нәтижесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне апта сайын ұсынсын.

6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары осы бұйрықтан және қоса беріліп отырған әдістемелік ұсынымдардан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

7. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ (келісім бойынша),                         «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК, «Республикалық

қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК, «Республикалық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК, «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМКМ, «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы»  РМКМ, «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ММ және басқа да ұйымдар (келісім бойынша) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын онлайн форматта өткізуді жалғастырсын, қалған бағдарламаларды 2020 жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырсын.

8. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы балаларды қабылдауды тоқтатсын.

9. Бұйрыққа қоса беріліп отырған:

 Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар                (1-қосымша);

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар                (2-қосымша);

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (3-қосымша); 

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (4-қосымша);

         Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға әдістемелік ұсынымдар (5-қосымша) бекітілсін.

10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрлеріне жүктелсін.

11. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                         А. Аймағамбетов

 

Просмотров: 336

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст