Текст
«Ағартушылық» республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 24 ақпаны мен 18 наурызы аралығында «Наурыз – көктем мерекесі» атты республикалық суреттер байқауына жұмыстар қабылдауды жүргізді. 1 «В» сынып оқушысы Гельмудинов Ильфат осы дистанциялық байқауға қатысып 3 орынға ие болды. Байқау жұмыстарында қатысушыларға Наурыз мерекесінің дәстүрлерін, табиғаттың көктемгі жаңаруын көрсету ұсынылды. Ильфат суретін мынадай сөздермен суреттеп салды: табиғатқа деген махаббат, Наурыз-жаңа жылдың басы, көктемгі күн мен түннің теңелуі, көктемгі жаңару, махаббат пен достықтың символы.