Текст
Бүгін бастауыш сыныптарда «Құстар табиғаттың достары» атты онлайн-сынып сағаты өтті.
Құстың іс-әрекеттерін, сыртқы түрі туралы білімді меңгеруге және балаларды табиғаттың эстетикалық қабылдауын – көктемнің басталуын, тірі табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалды. Оқушыларға экологиялық этика дағдыларынмен танысты.
Әр түрлі жұмыс түрлері қолданылды: тікелей-білім беру қызметі, бақылау, әңгімелесу, дидактикалық ойындар, арнайы әдебиеттерді оқу. Балалардың құстардың өмірі мен мінез-құлықтары туралы түсініктерін байыту мақсатында ойын-саяхат, ойын-қиял, ойын-зерттеу сияқты ойын-сауық түрлері өткізілді.
Балалар құстар туралы көп қызықты мәліметтер алды, құстарды ажыратуды үйренді.