28.04.20 күні сағат 15:00-де тіл циклінің мұғалімдері үшін «Қашықтықтан оқыту кезіндегі тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау» тақырыбы бойынша вебинар өтті. Тіл пәндері бойынша оқушылардың сөйлеу дағдыларын бағалау мәселесі талқыланды. Оқушылар БЖБ мен ТЖБ қашан өтетіні және қандай тақырыптар бойынша жұмыс жүргізу кестесін жасауға болатыны туралы алдын ала хабардар болуы тиіс . БЖБ және ТЖБ өткізу үшін тілдік циклдың пән мұғалімдеріне түрлі платформалар, сондай – ақ Microsoft Teams платформасы ұсынылады. Бөлімнің жиынтық бағалануына 20 минут, тоқсандық жиынтық бағалауға 40 минут уақыт бөлінген. Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды мұғалім өзі құрады, бірақ smk.kz сайтын пайдалана алады. Егер мұғалім бөлімнен өткен болса 4 мамырға дейін БЖБ және ТЖБ өткізуі мүмкін. Вебинар танымды болды.