«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері талқыланды"

04.03.2024
Педагогтерді аттестаттау қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында "№ 5 жалпы білім беретін мектеп" КММ директор жанынан кеңес өтті. Талқылау барысында педагогтарға өтпелі кезеңде және педагогтің үздіксіз кәсіби даму платформасында аттестаттау рәсімін өткізудің егжей-тегжейлі алгоритмі ұсынылды. Аттестаттаудың міндетті шарты оқыту нысандарын, білім беру ұйымдарын еркін таңдау қағидаттарында кемінде үш жылда бір рет біліктілікті арттырудан өту болып табылады. Мұғалім өз пәні бойынша ғана ПББ өтеді, ал оның қызметі туралы барлық ақпарат Ұлттық платформа базасында оның жеке кабинетінде жинақталатын болады. Білім алушылардың білім сапасының серпіні педагог қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіші болады. Портфолио алынып тасталды. Педагогтерге марапаттар олардың оқушыларының жетістіктеріне сәйкес беріледі, бұл біліктілік санатын беруге әкеледі. Мектептің педагогикалық ұжымы жаңа ережелерді зерделеуге және талқылауға белсенді қатысты. Педагогтер аттестаттаудың жаңа ережелері бұл процесті ашық әрі түсінікті ететініне сенімді, өйткені аттестаттауды өткізудің негізгі қағидаттары алқалық, жариялылық, ашықтық болып табылады.
Самсонова Г.Н., оқу ісінің меңгерушісі.
Просмотров: 319


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст