15.03.2024
Бүгін біздің мектептің 9-11 сынып оқушылары qosyl қосымшасы арқылы облыстың жалпы білім беретін мектептеріндегі балалардың қауіпсіздігі бойынша бірыңғай интерактивті сабаққа қатысты. ТЖМ қызметкерлері көктемгі кезеңде су айдындарында жүріс-тұрыс ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көктемгі су айдындарының сынғыш мұзбен еріп кету қаупі туралы ескертті. Оқушылар жер сілкінісі кезінде өзін қалай ұстау керектігі, жер сілкінісінен аман қалу үшін ең қауіпсіз орынды қалай таңдау керектігі туралы бейнені қарады. ТЖМ қызметкерлерінің ескертуі оқушыларға өмірдің құндылығы туралы тағы бір рет ойлануға мүмкіндік берді..
Красникова О.В.