«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұмытылмас тәжірибе!"

01.04.2024
29 наурызда Алматы қаласында бірінші Республикалық М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты оқу конкурсына қатысушыларды марапаттау өтті. Мен 4» Б « сынып оқушысы Сыздыкова Айлин қатысып, бірінші орынды иелендім. Іс-шара марапаттаудан басталды. Театр және кино актерлері әр қатысушыға естелік сыйлықтар табыс етті. Салтанатты бөлімнің соңында біз ҚР Орталық мұражайына бардық, онда мен өз елімнің бүкіл тарихын көрдім. Кешке Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына С. Мұратбековтың»Жусан иісі» спектакліне бардық.
Байқауды ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! Мен осындай ауқымды байқауға алғаш рет қатысып, көптеген жағымды эмоциялар алдым! Менің шығармашылығымды жоғары бағалағаныңыз үшін, іс-шараны тамаша өткізгеніңіз және ұйымдастырғаныңыз үшін рахмет! Сіздің жұмыстарыңызға денсаулық, күш, қуат және шабыт тілеймін!!!
4 «Б»сынып оқушысы Сыздыкова Айлин
Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст