Менің атым Попова София. Мен 10 жастамын, мен Атбасар қаласының № 5 орта мектебінің 4 «В» сыныбында оқимын. Карантин, өзін–өзі оқшаулау – бұл біреу үшін сынақ, ал біреу үшін қуаныш.
Мен бұған түсіністікпен қараймын! Бос уақытты пайдалы өткізуге тырысамын.
Біз ата-анамызбен бір-бірімізге жақынырақ болдық, жауапкершілігіміз артты, көп жағдайда үй шаруасына көмектесеміз. Менің анам мен әкем жұмыс істейді, сондықтан көптеген маңызды істерді өзіміз жасап, кіші ініме қараймын.
Онымен уақытты өткізу қызықты, конструктордан қаланы салып, мектеп ойнаймыз.
Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдерге шыдамдылық пен еңбегі үшін, кез келген уақытта көмектесуге дайын болғаны үшін алғысымды білдіргім келеді.
Әрине, ең бастысы-бұл біздің денсаулық! Карантинді сақтаңыз және сау болыңыз!