Бүгін осындай салтанатты, көптен күткен, қуанышты және қайғылы күн. Бүгін №5 орта мектеп оқушылары үшін "Соңғы қоңырау". Осы жарқын көктем мезгілінің мамыр айында дәстүр бойынша оқу жылы аяқталып, барлық оқушылар жазғы демалысқа мектеппен қоштасады, ал кейбіреулері мәңгіге. Сағат 11.00-де республикалық телеарналар эфирінде Білім және ғылым министрлігі басшысының құттықтауы болды, содан кейін әрбір сыныпта қашықтықтан оқу сағаттары өтті. Онда оқу жылының қорытындысы, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы қаралды. Сонымен қатар сынып сағаттарында сынып жетекшілері биылғы жылы Атбасар қаласының 175 жасқа толатыны туралы айтты. Сынып сағаттарына онлайн түрінде мектеп оқушылары да, олардың ата-аналары да қатысты. Сынып жетекшілері өз оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтап, оларға қызықты демалыс тіледі. Ата-аналардан мектеп әкімшілігіне, барлық педагогикалық ұжымға алғыс сөздер айтылды.