«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында 2020 жылдың 8 маусымына коронавирустық инфекция бойынша баспасөз-релизі

08.06.2020

Ресми деректер бойынша 2020 жылдың 08 маусымына Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 12 859 жағдайы тіркелген. 7.06.2020 жылы 165 жағдай тіркелді, өсім қарқыны - 1,3% құрады.

Ақмола облысында COVID-19 ауруының 176 фактісі тіркелді. 4 жағдай өліммен аяқталды.

Індет аймақтың 19 әкімшілік аумағының 10 – ын қамтыды: Целиноград – 154, Аршалы - 8, Көкшетау-4,. Шортанды – 3, Ақкөл - 2, Егіндікөл – 1, Есіл – 1, Ерейментау-1,. Қорғалжын – 1 және Астрахан – 1.

 

Өткен тәулікте Целиноград ауданында COVID-19 зертханалық расталған тағы бір оқиға анықталды:

● 2009 жылы туған Қосшы ауылының баласы. 

Жұқтыру фактісі Нұр-сұлтан қаласындағы үй ошағы бойынша жақын туыс қарым-қатынастан вирустық аурудың айқын белгілері бар.

 

Зертханалық расталған COVID-19 симптомдарымен күнделікті өсім 0,6% құрады.

Зертханалық расталған COVID-19 орташа өсімі 2020 жылдың 1 маусымынан 7 маусымына дейін 1,5% құрады.

Зертханалық расталған COVID-19 жағдайы тіркелген, симптомсыз тасымалдаушыларды есепке ала отырып:

  • Целиноград ауданы – 18 (Қоянды – 3, Талапкер – 2, Ақмол – 1, Қосшы – 5, Қараөткел – 6, Тасты-1);
  • Ерейментау ауданы-1 (Ерейментау қ.);
  • Қорғалжын ауданы-1 (Қорғалжын а.);
  • Астрахан ауданы-3 (Астраханка а. – 2, Достық а. – 1);
  • Зеренді ауданы-3 (Нефтебаза – 1 кенті, Алексеевка-2);
  • Аршалы ауданы-1 (Жібек жолы а.)

 

Соңғы апта ішінде КВИ тіркелу фактілері бар аумақтар тізімі Ерейментау, Қорғалжын, Астрахан, Зеренді аудандарымен толықтырылды.

 

COVID-19 жұқтырмау үшін халыққа санитарлық-карантиндік шараларды қатаң сақтау қажет:

- жаппай жиналатын жерлерді, саябақтарды, скверлерді болдырмау;

- дүкендерге, сауда үйлеріне және т. б. барған кезде маскалар киіп жүру.;

- әлеуметтік қашықтықты сақтау;

- қолды мұқият жуу;

- антисептик қолдану;

- коронавирустық инфекцияға ұқсас суық тию мен симптомдардың алғашқы белгілері кезінде жедел жәрдем шақыру керек және өзін-өзі емдемеуге болмайды.

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст