Текст
Мақсаты: балаларда этикалық мәдениетті, адамгершілік-рухани құндылықтарды, достық пен сыпайылықты, басқа адамдарға деген құрмет пен кішіпейілдікті қалыптастыру.
Бізді балалық шақтан бастап сыпайы болуға үйретеді. Ата-аналар мен мұғалімдер бізге басқа адамдарға қалай алғыс айтуды және түрлі өмірлік жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіреді. Мектеп алаңының бірінші күні балалар «Жақсы мәнер мектебі» тақырыбынан бастады. Балалар танымдық мультфильмдерді көріп, осы тақырыпқа жарқын және әсем суреттер салды.