Мақсаты: тәрбиеленушілерді әр адамның өміріндегі «Әлем» сөзінің мәнімен таныстыру, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері: өзгелерге қамқорлық жасауға, өз отбасына, достарына көмектесуге, олардың пікірін құрметтеуге үйрету;
Жақсылық пен әділеттілік заңдары бойынша өмір сүру, өз мүдделерін отбасы, достарының қызығушылығымен байланыстыру.
Адамның ең жақсы қасиеттерін тәрбиелеу, дамыту және көбейту.
Бүгін мектеп алаңында біз балалармен «Әлем» тақырыбында әңгіме дүкен құрдық. Біз сіздермен үлкен, таңғажайып және өте қызықты әлемде өмір сүреміз. Бізді табиғат, заттар, отбасы, достар, адамдар қоршайды. Күн сайын біз жаңа нәрселер көреміз, бірдеңе үйренеміз. Әлемде бізді қуантатын да ренжітетін де құбылыстар бар. Бізді қоршаған орта – «Біздің әлем». Балалар мультфильм көріп, сурет салып, «менің әлемім» тақырыбына аппликация жасады.
Тәрбиешілер: Гельвих М.А., Жумашова А.М.