04.06.2024
1992 жылғы 4 маусым - еліміздің тарихындағы маңызды күн. Бұл күні Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірегейлігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Егемендіктің мызғымас негіздері – Ту, Елтаңба және Әнұран әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті таныстырды.
2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды, ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік рәміздерді ресми пайдаланудың сипаттамасы мен тәртібін белгілейді.
Осы Заңға сәйкес Қазақстанда жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.
Тәуелсіздігіміздің қасиетті рәміздерін құрметтеу әрбір қазақстандықтың парызы болып табылады.