«Бүркіт» клубының «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері аудио және бейне-хабарламалар түрінде тапсырмалар мен сабақтар алады, веб-трансляцияларға шығады, тапсырмалардың орындалуы бақыланады.
«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының мақсаты - өскелең ұрпақты жоғары азаматтық белсенділікке, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік дамуға, жеке тұлға мен Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында дене шынықтыру мен әскери спорт түрлерін насихаттау болып табылады.
Әскери іс негіздері бойынша даярлау - әскери қызметтің құқықтық негіздерін, жалпыәскери пәндерді (атыс қаруынан ату тәсілдері мен ережелері және қол гранаталарын лақтыру, атыс, саптық және топографиялық даярлық, медициналық білім негіздері, тіршілік қауіпсіздігі негіздері, қозғалмалы ойындар мен спорт ойындарының элементтері, дене шынықтыру дайындығы) мемлекеттің қорғаныс саласындағы рөлі туралы, елдің Қарулы күштері мен басқа да күш құрылымдары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі өзінің қасиетті борышын орындауға әзірлігі.