25.06.2024
Бүгінгі таңда табиғат қорғау бригадасы аясында 5 «Б» және 7 «А» сынып оқушылары өз жұмыстарын жалғастыруда. Жұмысты бастамас бұрын балалар қауіпсіздік ережелерін қайталады. Одан кейін «Туған табиғаттың жасыл әлемі» атты танымдық әңгіме өрбіді. Мұнда балалар туған жердің табиғаты, алуан түрлілігі мен сұлулығы туралы әдебиеттермен танысты. Балалар адамның қоршаған ортаға тигізетін әсерін және табиғатымызды таза ұстау үшін не істеу керектігін білді. «Біздің жасыл әлем» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Соңында «Табиғатты аялайық» бейнеролигін көріп, табиғатты сақтау өз қолымызда деген қорытындыға келдік.
Маженова С.Б.