26.06.2024
Бүгінгі таңда 5 «В» және 7 «А» сынып оқушылары экологиялық тобының құрамында өз жұмыстарын жалғастыруда. Жұмысты бастамас бұрын балалар қауіпсіздік ережелерін қайталады. Балалар дәрілік өсімдіктердің пайдасы туралы фильм тамашалады. Өйткені, біздің айналамызда емдік қасиеті бар өсімдіктердің түрлері көп. Өсімдіктердің жапырақтарын, гүлдерін, сабақтары мен тамырларын пайдалануға болады. Олар емдік немесе профилактикалық мақсатта халықтық, медициналық немесе ветеринарлық тәжірибеде қолданылатын өнімдерді алуға арналған шикізат болып табылады. Бұл өсімдіктер халықтық медицинада кеңінен ұсынылған.
Табиғаттың өзі бізге күш пен денсаулық береді. Дәрілер біздің айналамызда. Тек оларды көре білу, пайдалану, сақтау және көбейту керек.
Маженова С.Б.