Текст
10 тамызда Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толды. Ол ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы және композитор ретінде еліміздің тарихында өшпес із қалдырды. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту және Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында "Абай шығармашылығын танимыз"атты әдеби челлендж өткізілді. Оның өлеңдері мен прозасында ұлттық сана, өмір, дүниетаным, мінез, жан, сенім, тіл, дәстүр және халықтың рухы көрініс тапты. Абайдың рухани мұрасы-шын мәнінде бай энциклопедия.