Текст
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, өз елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру және еліміздің тарихи өткеніне ұқыпты қарау, демократиялық қоғамның құндылықтарын және жеке тұлғаның маңызды қасиеттерін: толеранттылықты, патриотизмді түсіну, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы Қазақстан Республикасының көп ұлтты халқының бірлігі идеясын танымал ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына арналған «Біз – патриотпыз» қашықтықтан сабақ өткізілді. Сабақ «Өз ойыным» форматында өтті. Ойынның маңызды нәтижесі - өз елінің лайықты азаматтары болу керек екенін түсіну.