Текст
Тарихи дамудың жалпыұлттық векторын айқындаудағы негіз қалаушы мәні еліміздің Негізгі Заңы – Конституция болып табылады. Негізгі Заң біздің мемлекеттілігіміздің сенімді іргетасын қалайды. Заңның үстемдігі, құқықтар мен бостандықтарды мүлтіксіз сақтау қағидаттары, әлеуметтік кепілдіктер мен жоғары адами жалпыадамзаттық құндылықтар біздің Конституциямызда жарияланған, әрбір азаматқа жақын және түсінікті. 5 орта мектеп кітапханасында "ҚР Конституция күні" мерекесіне арналған көрмеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы кітаптар, брошюралар және Қазақстан туралы кітаптар ұсынылды.