Текст
2020 жыл - Абай жылы деп жарияланды. Ағымдағы жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу туралы Жарлығы бекітілді. Мемлекет басшысы «Абай - рухани реформатор» атты мақаласында ұлы ақын мұрасына арналған іс-шаралар жыл сайын өткізілетіндігін айтты. Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен көрнекті ақынымыз Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы әлемдік халықаралық деңгейде аталып өтуде.Жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру үшін Абай аллеясы жобасының алғашқы кезеңі ретінде мектебімізге ағаштар отырғызылды.
Садуова Н.Н.