Сабақ негізделген оқу мақсаты: 7.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып, жауап беру; 7.О2. Кесте, диаграмма , сызба шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу.
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісі оқушыларға арналған OnlineMektep-Bilimland платформасы, kundelik, Zoom және Messenger қосымшалары арқылы жүзеге асып жатыр. Оқушылар қызығушылық танытып, сабаққа белсенді қатысады. Білімдерін тереңдету үшін барлық интернет-ресурстарды қолданады. Сабақ барысында тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде өз пікірін білдіріп, өзгелердің де пікірімен санасып, салыстыра жауап бере алады. Сондай-ақ кесте, диаграмма , сызба шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсінеді, жазба жұмыстарында да қолдана біледі.Әсіресе 7 сынып оқушыларының арасынан аса белсенділік танытып, сабаққа жауапкершілікпен қарайтын Аубакирова Амина, Пронина Екатерина, Чернявская Ольга, Алпыспаев Мадияр, Бейсенова Аружан, Грамадская Анастасия. Күнделікті берілген тапсырмаларды орындап, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда.