«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қауіпсіз орта.

19.09.2024

Полиция бізді қорғайды,

Мұны есте сақтайық!

Ол бізге тәртіп орнатады:

Ересектер мен балаларға тыныштық...

Жастар ортасында қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 19 қыркүйекте№5 ЖОББМ оқушылармен ОМПС БП ММ аға инспекторы полиция майоры Токжуманова Самал Сериковнамен және ПДН инспекторымен әңгімелесу өткізілді. Мектептегі жасөспірімдермен кездесу және жоспарлы профилактикалық әңгімелер өткізу кәмелетке толмағандар ин жөніндегі инспектор мен мектептің әлеуметтік педагогының бірлескен жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

8-11 сынып оқушыларымен "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі"тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Инспектор өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақаты сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікке тоқталды. Жасөспірімдерге қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Полиция майоры Токжуманова Самал Сериковна көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды қатаң ұсынды. Ол мектеп оқушыларына алкоголь мен темекіні тұтынудың зияны туралы еске салды, сонымен қатар бұл тәуелділіктің қауіпті екенін түсіндірді. Бұл іс-шара бекер өтпеді деп үміттенгім келеді, ал балалар олардың өмірі тек өздеріне байланысты екенін есіне алды... Даненова Л. Р.

Просмотров: 606


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст