Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын дәріптейтін іс-шара аясында жоғары сыныптарда «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмін көріп, талқылай отырып сынып сағаты өткізілді. Деректі фильмді көріп отырып, біз «Рухани жағыру» бағдарламасының жалғасын көреміз. «Рухани жағыру» ұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері сан ғасырлық өркениет аясында түсінікті әрі сұранысқа ие бола отырып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы мұрасын жаңартуға мүмкіндік береді.
Біз өз тарихын еске алатын, бағалайтын, мақтан тұтатын халықтың болашағы зор екеніне сенімдіміз. Бұрынғы мақтаныш, қазіргі уақытты прагматикалық бағалау және болашаққа деген оң көзқарас біздің ел мен жастардың табысының кілті болып табылады.
Фильм негізінде викторина да өткізілді, 10.11 «А» сынып оқушылары Нүкенов Әділхан, Молдабай Мәди, Деревианкова Марина, Гуринова Лойда, Тухел Дария, Мамырбаева Асель, Биккерт Алина викторинаның белсенді қатысушылары болды.
Б.К.Мустафина