8А сыныбында география апталығы аясында «Өзен аңғарының құрылымы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді Сабақ ZOOM қызметі арқылы онлайн режимінде өткізілді. Сабақ «Бақыт құмыра» позитивті көзқараспен басталды. Сабақта оқушылар өзен аңғарының элементтерімен танысты, практикалық тапсырмаларды орындады. Сабақ барысында балалардың өздері, сыныптастарының жұмысын критерийлер арқылы бағалады, осылайша өзара бағалау жүргізілді.
Сабақта мұғалім презентация мен заманауи технологияларды қолдана отырып, сабақты оқытудың заманауи әдістерін қолданды.
Сабақтың соңында рефлексия кезеңінде оқушылар өз жағдайларын, эмоцияларын, іс-әрекеттерінің нәтижелерін өз бетінше бағалады. Сабақтың барлық кезеңінде оқушылар белсенді қатысты, олар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Мен Мусаева Айгюн, Кныш Роман, Анодина Ангелинаның жұмысын атап өткім келеді.
Сабақ жеткілікті қызықты және мазмұнды болды.
География мұғалімі Аманбаева Р.Т.