«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Latyn grafıkasy

09.12.2020

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады.

Әрине, ұлт үшін маңызды өзекті мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті мамандардың пікірлері ескеріліп, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін жасалу жолдарына қатысты өрбісе және басқа жоғарыда аталған елдердің тәжірибесіне қарап салыстыра отырып жасалса құба-құп болар еді.

Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған. Біздің мектепте де жаңа стендтер латын емлесіне ауыстаралды. Жоғары сынып оқушылары қазақ тілі сабағында күн мен айын латын емлесінде жазуды бастап келеді. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр.

Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылады. Бұл жазу елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш. Әлемдік өркениетке аяқ басуымызға, қазақ халқының алға жылжуына, еліміздің заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст