«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Көрісу күні- ынтымақ пен берекенің басталуы!"

15.03.2022

14 наурыз - қазақ халқы үшін ежелден күнтізбедегі айтулы күндердің бірі. Өйткені дәл осы күні ата-бабамыз өкпе-ренішті ұмытып, қыстан аман шыққандарының құрметіне бас қосып, қауышуды құп көрген. Біреуге реніші бар адамдар бұл күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Сөйтіп, арадағы суық қарым-қатынастың жібі үзіліп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады. Сондықтан, бұл күні әр адам мүмкіндігі болса, ренжісті ұмытуға тырысады . Осы ырымды қоштай отырып біздің мектебімізде керемет « Көрісу күні- ынтымақ пен берекенің басталуы!» атты іс-шара өткізілді, мұнда барлық әріптестер және оқушылар, ата-аналар арасында татулықты нығайту мақсатында көптеген жылы сөздер айтылды. «Татулықта табыс мол», дей отырып сіздерді осы керемет мерекемен құттықтаймыз!

Просмотров: 398


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст