№ 5 жалпы орта білім беру мектебі бастауыш және негізгі орта білім алушылардың базалық білімін тексеруге бағытталған білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне (ББЖМ) дайындалуда. Осы мақсатта 4, 9 сыныптарда сынып жиналыстары өткізілді. Ата-аналарды ҚР БҒМ 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың білімдену жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары мен ББЖМ жүргізу механизмімен таныстырды. ББЖМ мемлекеттік бақылаудың нысаны болып табылмайды және білім алушы үшін де, білім беру ұйымы үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайды. ББЖМ мақсаты-ұлттық деңгейде білім алушылардың оқу жетістіктерінің прогресін өлшеу арқылы бастауыш және орта білім беруді жалпы жүйелік жетілдіруді қолдау. 4 және 9-сынып білім алушылары үшін ББЖМ функционалдық сауаттылық деңгейін (білім мен дағдыларды қолдану, аналитикалық, логикалық ойлау) анықтауға арналған МЖМБС талаптарына сәйкес жүргізіледі. Тестілеу сәуір айында орта білім беру ұйымдарының базасында компьютерлерді пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін болады.