Тәрбиешінің қонақ бөлмесі "Ертегі елінде қонақта"
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 мамырда балаларға арналған "Ертегі елінде қонақта" тақырыбында "Тәрбиешінің қонақ бөлмесі" форматында ойын-сауық өткізілді. Балалармен викторина өткізіліп , оның барысында иллюстрация, музыкалық шығарма, мәтін үзіндісі бойынша ертегіні анықтап, атады; мультфильмдерден әндер шырқады; өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлері туралы айтты; "ертегілерден Салат" құрастырды( ТРИЗ-технологиялар мен РТВ әдістерін пайдалана отырып), ертегіні жаңа үлгіде ойлап тапты; сүйікті ертегілердің үзінділерін сахналады, ертегілерден сюжеттер салды, сонымен қатар ертегі кейіпкерлерімен кездесті.
Барлық балалар осы іс-шараға белсенді қатысты, сүйікті ертегілері мен ертегі кейіпкерлерін қуана еске алды, жағымды эмоциялар алды .
0 "Б" сынып тәрбиешісі Дюбкина Л. В.