Текст
8 маусым күні 7 сыныпта "Төрт түліктің пайдасы" тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: оқушыларды төрт түлік малдың төлдерінің атауларымен таныстыру; оқушыларға төрт түлік малдың пайдасы, адам өмірінде маңызы, олардан алынатын өнімдер жөнінде мағлұмат беру. Сабақ барысында оқушыларға слайд пен видеоролик ұсынылды. Сондай-ақ оқушылар жұптасып жаңа сөздерге фонетикалық талдау жасап, алған білімдерін шыңдай түсті. Аса белсенділік танытқан оқушылар: Қайратұлы Ержан, Корн Виктор, Неупокоев Даниил, Стручалин Алексей.